Құқық | Право

Алматыда көлік жүргіншілер жолағынан өткен екі студентті қағып өлтірді

Алматыда екі адамның өмірін қиған қайғылы оқиға болды. Бақыланатын жаяу жүргіншілер өткелінің бірінде екі жаяу жүргіншіні шетелдік көлік қағып кетті.

Қыздар дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмдар жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтпек болған, бірақ кенеттен оларды Мерседес көлігі қағып өтті.

Кейін қайғылы оқиғаның куәгерлері шетелдік көліктің жүргізушісі тым жоғары жылдамдықпен келе жатқанын айтып, бағдаршамның «сары» түсіне жүруді ұйғарғанын айтты. Қыздар жүрмек болғанда жүргізуші көлікті тоқтатуға тырысты, бірақ үлгерген жоқ.

Соқтығысқаннан кейін шетелдік көлік тағы 80 метрді басып өтті. Мерседес көлігінің жүргізушісі ұсталды.

 

Комментарий