Әлемде | В мире

Филиппин президенті халқына жемқорларды атуға рұқсат берді

Филиппин президенті Родриго Дутерте өз елінің азаматтарына жемқор шенеуніктерді атуға рұқсат берді.

«Егер сіз салық, алым төлесеңіз немесе анықтама алатын кезде шенеуніктер пара сұраса, оларды ұрыңыз. Егер сізде қару болса, оларға оқ атуға болады », – деді ел перзиденті.

Ол қолы таза емес адамды өлтірудің қажеті жоқ екенін айтты, өйткені сіз кешірім емес, жаза мерзімін ала аласыз. Дутерте пара алғандарға оқ атқан адам «түрмеге жіберілмейді, тек физикалық тұрғыдан ауыр жазаланатын болады» деп уәде берді.

Президент сонымен қатар барлық жерде жемқор шенеуніктер бар екенін айтты. Оның айтуынша, егер жемқорларлық оның әкімшілігінде орын алса, жәбірленуші айыпталушының бетінен ұруға болады.

Дутерте жемқор шенеуніктерді жұмыстан шығаруға уәде берді, бірақ адал жұмысшыларды қызметінде қалдырады.

«Егер әңгіме парақорлық туралы болса, бұл мүлде басқа әңгіме», – деді ол.

Тамыз айында президент нашақорлардың басын кесуге дайын екенін және ол үшін түрмеге барудан қорықпайтынын айтты.

Дутерте таңғаларлық үндеулері мен іс-әрекеттерімен танылды. Мысалы, маусымда ол өзінің «аздап гей» болғанын, бірақ кейін гомосексуализмнен «емделгенін» айтты. Бір жыл бұрын саясаткер Оңтүстік Кореядағы отандастарымен кездесуде тұрмыстағы әйелді еріннен сүйіп көпшілікті ашуландырған болатын.

2018 жылдың ақпан айында президент сарбаздарды наразылыққа шыққан әйелдердің жыныс мүшесінен оқ атуға шақырды.

Комментарий