Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты: Кондуктор әйел өліп, 13 адам ауруханаға жеткізілді

Шымкент қаласында №40 автобус жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Жол апаты 16 қыркүйек күні таңғы сағат 8 шамасында болды. Бәйтерекова көшесі мен Астана даңғылының қиылысында автобус пен иномарка соғылды.

Оқыс оқиға салдарынан 13 адам зиян шекті. Олардың үшеуі – балалар, тоғызы – үлкендер.

Зиян шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Жол апатынан бір әйел көз жұмды. Ол кондуктор болып жұмыс істеген.
Әзірге қайғылы оқиғаға не себеп болғаны белгісіз.

Комментарий