Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Енді Нұр-Сұлтанда: Елордада автобус пен тепловоз соқтығысты (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында автобустың қатысуымен жол апаты орын алды. Белгілі болғандай, автобус тепловозбен соқтығысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана LRT» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана LRT» мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте орын алған. Алайда желіде оқиғаның видеосы енді тарап жатыр.

«13 қыркүйекте таңертеңгі сағат 7:45-те Жетіген мен Пушкин көшелерінде №53 бағыттағы автобус пен тепловоздың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды», – делінеді хабарламада.

 

Аталған дерек бойынша автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жұмысынан шеттетіліп, Көлік мамандарының біліктілігін арттыу орталығына қайта оқуға жіберілді.

Хабарланғандай, оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Комментарий