Әлемде | В мире

“Бір көргеннен ғашық болдым” 27 жастағы ару өзінен 54 жас үлкен адамға тұрмысқа шықты (фото, видео)

Индонезиядағы Ява аралының 27 жастағы Нураени есімді тұрғыны өзінен 54 жас үлкен шаманға тұрмысқа шықты деп хабарлайды.

Махаббат оқиғасы қыздың ата-анасымен бірге танымал шаманға баруынан басталған. Қыздың әке-шешесі 83 жастағы қария Судиргоның өмірлік ақыл-кеңестерін тыңдап отырған сәтте, Нураени шаманнан көзін ала алмапты.

Ол бір көргеннен ғашық болғанын түсініп, әртүрлі сылтаумен оған барып, тіпті, өзіне шақырып жүрген.

Фото: 120.su

Судирго жас әйелдің өзіне ғашық болғанын бірден сезіпті, алайда бұған нақты сене алмаған. Шаманның да Нураениді сүйіп қалғанын біліп, оған ұсыныс жасаған.

Болашақ жұбайлар туыстарының батасын алуы тиіс болған. Ең қызығы, қалыңдықтың әке-шешесі бұл некеге оңай әрі тез рұқсат берген. Ал, күйеу жігіттің балалары Нураенидің мұндай қадамға арам пиғылмен емес, махаббаттан барып отырғанына сене алмапты.

Фото: 120.su
https://youtu.be/JYul2Ark10s

Комментарий