Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Ақтөбе облысында бір топ адамды көлік қағып кетті (ВИДЕО)

«Мұндай оқиға болды, толық ақпаратты кейін хабарлаймыз», – деді Полиция департаментіндегілер.

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында бір топ адамды көлік қағып кетті. Ақпаратты өңірлік Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Sputnik.

«Мұндай оқиға болды, толық ақпаратты кейін хабарлаймыз», – деді Полиция департаментіндегілер.

Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 14 қыркүйек, сенбі күні болған. Видеодан жеңіл көліктің бір топ адамға барып соғылғанын көруге болады. Рөлде жас жігіт отырған.
Видеода адамдардың айқайлап, жылап жатқаны естіледі, қазіргі уақытта зардап шеккендердің жағдайы белгісіз.

 

Комментарий