Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Жұмысқа кетіп, оралмаған: Елордада 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасынасілтеме жасап.

Әнуар Байзүров есімді азамат 6 қыркүйекте жұмысқа кетіп, қайта оралмаған. Ол бармен болып қызмет атқарған екен. Жігіттің туыстары құзырлы органдарға шағым түсіріп, тіпті еріктілердің көмегіне жүгінген.

Соңғы рет жігітті Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көргенмен, ол қала шетіндегі ойын-сауық орталықтарының біріндегі камераға түсіп қалған.

Әнуар Байзүровтың туысқандары ұлымыздың жаман әдеті жоқ, құмар ойындарға жақын емес, бәрімен тез тіл табысып кететін, жан-жақты болған деп отыр. Анасы соңғы рет баласымен сөлескенін есіне алды.

“6 қыркүйекте соңғы рет телефонмен хабар алыстық. Содан кейін байланыс мүлдем үзілді. Ағалары мен туыстары, еріктілер Әнуарды іздеуде. Достары болса, баламмен соңғы рет 1-2 жеті бұрын сөйлескендерін айтады”, – дейді анасы Әмина Ибраева.

Баласынан көз жазып қалған Әмина Ыбраева ұлы туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан бей-жай қалмауларын сұрайды. Қазіргі таңда адамдар Әнуар Байзүровты қаланың барлық бұрышынан іздеген. Бұл жұмысқа белсене атсалысқан еріктілер де нәтиже жоқ екенін айтады.

“Әзірге нәтиже, хабар жоқ. Кейде “мына жақта”, “ана жақта” көрдік деген ақпарат түседі. Алайда, нақты емес. Бізге Әнуарды іздеуге көмек керек. Түрлі нысандардың ішін, қойма, қаңырап қалған үйлерді қарайтын”, – дейді ерікті Седа Колаева.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары да 24 жастағы жігітті іздеуге кірісіп кеткен. Олар еректілермен бірлесе іздеу жұмыстарын жүргізіп, Әнуардың отбасына қайта оралуына барлық жағдайды жасап жатқан көрінеді.

“Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне азаматша келіп, оның бауыры, 1994 жылы туған азаматтың жоғалып кеткендігі туралы арыз келіп түсті. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша полиция қызметкерлері еркітілермен қосылып, жұмыстар жүргізіліп жатыр”, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметкері Эльмира Шәуленова.

Қазіргі таңда Әнаурдың ұялы телефоны Шортанды ауылынан табылғаны анықталды. Бірақ, жігіттің біраз уақыт бұрын телефонын сатып жібергені белгілі болған.

Комментарий