Елең еткізер | АктуальноШоу бизнес

Ісік миына тарап кеткен: Ауыр халде жатқан Анастасия Заворотнюктің жағдайы белгілі болды

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюктің қазіргі жағдайы белгілі болды. Нейрохирургтер оған ота жасауды жоспарлауда. Алайда актрисаның жағдайы кез-келген хирургиялық әрекетті қауіпті қылып тұр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымда хабарланғандай, ресейлік актриса химио және сәуле терапиясы курсынан өткен. Алайда жүргізілген ем-дом көмектеспей, Заворотнюктің жағдайы нашарлап кетті. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ісік миына тарап кеткен екен.

Дәрігерлер ота жасау мүмкіндігін талқылау үшін консилиум өткізбек. Алайда басылымда аталғандай, ота жасау қатері үлкен болып тұр. Себебі актриса отаны көтере алмауы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін Анастасия Заворотнюктің мидың қатерлі ісігіне шалдыққаны туралы қауесет тараған еді. Актрисаның көршілері оның толып кеткенін және басына орамал тағып алғанын айтыпты.

Ал әртістің ресми өкілдері бұған дейін оның дертке шалдыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарған-ды.

Комментарий