Елең еткізер | АктуальноШоу бизнес

Димаш Құдайберген Қытайдағы мектеп оқулығына енді

Жиырма бес жасында әлемге танылып, көпшіліктің сүйікті әншісіне айналып үлгерген Димаш Құдайберген Қытайда шыққан мектеп оқулығына енді. Бұл туралы қазақстандық әншінің өзі Instagram желісінде жазды, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Құдайберген желідегі парақшасында қытайлық мектеп оқулығының суретін жариялады.

«Қытайдағы мектеп оқулықтарынан өзіңді көру жағымды екен», – деп жазды Димаш.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген 2017 жылы I’m a Singer байқауына қатысқаннан кейін Қытайда танымалдыққа ие болды. Әнші байқаудың финалына жетіп, екінші орынды иеленген еді.

Комментарий