Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Нұр-Сұлтан vs Нұрсұлтан: Бас қаланың атауы тағы өзгере ме

Нұр-Сұлтан әкімдігі қала атауының тағы да өзгеруіне қатысты пікір білдіріп, желіде тараған ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде «Нұр-Сұлтан қаласы атауының тағы да өзгеретіні» туралы ақпарат қызу талқыға түсті. Бірі бұл өзгеріске бей-жай қарайтынын жеткізсе, енді екіншілері түбегейлі қарсы екенін айтуда. Кейінгілердің қатарында саясаткер Мұхтар Тайжан да бар.

«Нұр-Сұлтанды Нұрсұлтанға ауыстыруға қарсымын. Тағы бекерден бекер ақша шашудың қажеті жоқ. Бәрібір бұл атау уақытша ғана деп білемін», – деп жазды ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде бұл пікірді қоштай түсті. Дені қарсы екенін жеткізді. Арасында жаңалықтың жалған екенін айтқандар да болды.

Желіде таралған ақпаратқа қатысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы пікір білдіріп, жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Иә, мұндай ақпараттың таралып жатқанын білеміз. Бірақ бұл жалған ақпарат», – деді әкімдік қызметкері Ақмарал Әкімжанова.

Сондай-ақ, желі қолданушылары мұның босқа шығындалу екенін айтты.

Комментарий