Судья мінбері | Судебная система

Жемқорлыққа тұсау салынып келеді

Жемқорлықты жеңу еліміз үшін нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асып келеді. Сонымен қатар, Қазақстан осы мәселе жөніндегі халақаралық конвенцияларға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі болып табылады. Әйтсе де сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда оны қоғамның көмегінсіз жеңу мүмкін емес екендігін де ұмытпауымыз керек. 

Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке қарай, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп келеді. Сондықтан да қоғам бойындағы бұл дертпен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте кешенді шаралар атқарылу керек, соның бірі-жариялылық. Халық қылмыс фактілерінен де, оны жасағандарды да дер кезінде молырақ біліп отырса, қоғамның істің нәтежиесіне деген сенімі күшейеді.

Алда тұрған мақсатты жүзеге асыру тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы, бүкіл қоғамның алдында тұрған аса күрделі де қасиетті міндет.

 

Комментарий