Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Адам зорлағандарды өлім жазасына кесу керек»: сенаторлар қылмыстық жауаптылықты күшейтуді ұсынды (ВИДЕО)

«Біздегі Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке орай, оларға берілетін қылмыстық жаза әлі де болса жеңілдеу. Былтыр, алдыңғы жылдары бір топ сенатор осы мәселені көтергенбіз».
Қазақстандық қария ұлымен әлем аралап жүр (ФОТО)
«Көйлегімді түріп жіберіп, ісін тындырады да жата қалады»: келіншек таксист күйеуінен шаршағанын…

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары балаларды, әйелдерді зорлауға қатысты өз пікірін білдірді. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы, зорлық үшін өлім жазасын беру керек деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Еліміздегі зорлық мәселесіне қатысты пікір білдірген сенатор Айгүл Қапбарова қылмыстық жауаптылықты күшейту керек дейді. Сонымен қатар, ол тараптардың мәмілеге келіп, жазаның жеңілдетілуіне рұқсат берілмеу керектігін айтты.

«Біріншіден, қылмыстық жауаптылықты күшейту керек. Негізі, бізде барлық заңнама бар. Сол заңнаманың орындалу мәселесі бөлек әңгіме. Себебі көп жағдайда екі тарап мәмілеге келіп, соңында қылмыстық жазаның мерзімі азайып кетеді. Аналар мен балаларға келгенде, мұндай процесс жүрмеуі керек. Оған рұқсат бермеу керек деп ойлаймын», – дейді Қапбарова.

Ал Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлының пікірінше, балалар мен қыз-келіншектердің зорлығы үшін қылмыскерді өлім жазасына кесу керек. Өз сөзінде ол елімізде зорлық үшін берілетін жазаның жеңілдеу екенін атап өтті.

«Әйелдерді, әсіресе, жас балаларды зорлау, болмаса, оларды ұрлау мәселелері – ауыр қылмыстардың қатарына жататын әрекеттердің бірі. Сондықтан біздегі Қылмыстық кодекс бойынша, өкінішке орай, оларға берілетін қылмыстық жаза әлі де болса жеңілдеу. Былтыр, алдыңғы жылдары бір топ сенатор осы мәселені көтергенбіз. Ауыр қылмыстарға өлім жазасын беруді ұсындық. Алайда қолдау таппады. Сондықтан мен парламент мүшесі ретінде балаларға, әйелдерге, қыздарға жасалатын қылмыстарға өлім жазасын беру керек деп санаймын», – дейді Мұрат Бақтиярұлы.

Комментарий