Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

“Маза бермеді”: Күдіктінің туысы үш жасар баланың өліміне оның анасын кінәлады

Қарағанды облысында 3 жасар Максим Ғарифулинді жер қойнына тапсырды. Баламен қоштасуға Бұрма аулының тұрғындарының барлығы жиналды. Ал тұтқындалып, кінәсін мойындаған күдіктінің өгей анасы болған жағдайға бүлдіршіннің анасын кінәлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіКТК арнасына сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, бүлдіршінді 22 жастағы Игентай Сопыжанов ұрлап әкетіп, өлтірген. Ол қылмысын мойындады.

Сопыжанов Максимнің анасымен ұзақ уақыт қарым-қатынаста болған. Бұл аталған отбасының басындағы жалғыз қайғылы жағдай емес: бес жыл бұрын Сопыжанов сүйіктісінің туысын балтамен ұрып өлтірген. Түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққан ер адам өткен бейсенбіде баланы ұрлап әкеткен. Артынша бала өлі күйінде табылды.

Максимнің туыстары оны ұрлаған күні-ақ өлтіріп тастаған болуы мүмкін деп күдіктеніп отыр. Әзірге полиция пікір білдірмеді. Олар сараптама нәтижесін күтіп отыр.

Ал күдіктінің туыстары оны мейірімді әрі жұмсақ адам ретінде сипаттайды. Олар екі қайғылы жағдайға да келіншектің өзін кінәлап отыр.

«Ол оны қатты жақсы көрді. Алайда әйелдің өзі кінәлі. Ол (Сопыжанов – ред.) жұмысқа орналасып, жаз бойы жұмыс істеді. Сол әйел оған жиі қоңырау шалды. Маза бермеді. Осылайша, осындай жағдай орын алды. Оны (Сопыжанов – ред.) да түсініңіздер. Ол әлі жас жігіт қой», – дейді күдіктінің өгей анасы Светлана Рейхерт.

Комментарий