Саясат | Политика

ҰЛТТЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚТЫ ЖАЛҒАЙТЫН АЛТЫН КӨПІР

Сонымен қоғамды сан түрлі ойға жетелеп, түрлі пікір туғызған Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы отырысы да өтті. Шын мәнінде Президенттің қоғам өкілдерімен мұндай ашық та сындарлы диалогқа баруы бұрын орын алған емес. Бұған дейін Мемлекет басшысымен болатын басқосулар, тіпті БАҚ өкілдерімен кездесулер көбіне қатаң сценарий аясында, жақсыны асырып, жаманды жасыру сипатында өтетін.

Сондықтан жұртшылық Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне онша мән бермеген, оны осындай бас қосулардың біріне санаған. Тіпті жиын басталғанша әріптестеріміздің біразы отырысты ешнәрсе шешпейтін, бос әңгімеге санап жүрді. Алайда, отырыста ә дегеннен халықтың көкейінде жүрген мәселелер, халықтың наразылығына себеп болып жатқан жағдайлар, оларды шешу мен жоюдың амалдары Қоғамдық кеңес мүшелерінің аузымен жүйелі түрде ашық айтыла бастағанда бәрі де сабасына түсіп, қалай бас изеп кеткендерін өздері де білмей қалды.
Жалпы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылғаны белгілі. Мақсат – қоғам, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен бірге мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін зерделеп, солардың негізінде басымдықтарды айқындап тұжырымдау. Ұлттық кеңес үш бағыт – саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді. Сондықтан оның мүшелері осы үш топқа шоғырланған. Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай, жылына үш реттен артық өткізілмейді. Ұйымның шешімдері көпшілік дауысымен қабылданады. Отырысқа қатысушылардың дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші рөлге ие болады. Кеңес төрағасы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Төраға орынбасары – Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, хатшысы – Президент кеңесшісі Ерлан Қарин. Алғашқы отырыс Мемлекет басшысының беташар сөзімен ашылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл ұйымның қоғам өміріндегі маңызы – кез келген жаңа бастама қоғамда ашық талқыланып, халықтың қолдауына ие болуы тиістігімен атап көрсетті. Қазақстандықтардың биліктен нақты ұсыныстар мен нәтижелер күтіп отырғанын айтып, Ұлттық кеңестің осы міндетті ойдағыдай жүзеге асыратын бірегей құрылымға айналатынына сенімін білдірді. «Біз халық сенімін ақтауымыз керек. Әрбір азаматтың мүддесі біз үшін өте маңызды. Отандастарымыз ел болашағына бей-жай қарамайтын болды. Ашық түрде өз пікірлерін айта бастады», – деді осы ретте Президент. Өзі бұл жиында көптің көкейінде сұрақ тудырып, алаңдаушылығына негіз болған бірқатар мәселелерге қатысты уәжін айтып, ұстанымын білдірді. Солардың бірі Қытайдан әкелінетін өндірістер жайлы. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы уақытта ел арасында тарап жүрген «жер шетелдіктерге сатылады екен» немесе «көрші елдің 55 ескі зауытын көшіреді, оған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен» деген әңгімелер ниеті бұзық адамдардың таратып жүрген қауесеті. Олар халықтың патриоттық ұстанымына манипуляция жасауды шебер меңгерген. Өз мақсаттарына эмоцияға тез берілетін адамдарды пайдаланып, өз ойларына жетуге тырысады. Осы жайлы айта келіп, «Бұндай манипуляциялар геосаясаттың бір бөлшегі екенін де түсіну керек. Негізгі мақсат – халықтың бірлігін бұзып, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру. Алайда, біз дана халықпыз және ондайды ажырата аламыз. Ал, биліктің негізгі міндеті – диалог арқылы халыққа мемлекеттік саясаттың мақсаттарын жан-жақты түсіндіру», – деп мәлімдеді.
Жалпы шетелдік инвестициялардың тек қана ең қажет салаға тартылатыны, өзге елдерден мұндай көмек алу Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея сынды дамыған елдердің тәжірибесі екенін айтты. Осы орайда Мемлекет басшысының «Біз ұлттық мүддені қашанда бірінші орынға қоямыз. Тағы да шегелеп айтамын, жерімізді ешкімге бермейміз, халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз, ол басты назарда болады» деген сөзі жұртшылық үшін құран сөзіндей әсер еткені даусыз. Өйткені, Президенттің осы қызметке кіріскен сәтінен бастап айтқан сөзі мен ісі бір жерден шығып келеді.
Мемлекет басшысы өз саясатының негізгі басымдықтарымен де бөлісті. Бұл ретте оның жастарға қатысты сындарлы пікірі мен ұстанымы олардың өз болашағына, жалпы халықтың ел келешегіне деген сенімін оятқаны анық еді. Қасым-Жомарт Кемелұлы әлемдік үдеріске сай жастар дүниетанымының да трансформацияға ұшырап жатқанын, олардың үлкен саяси және технологиялық өзгерістер дәуірінде өз орнын табуға тырысатынын айта келе өзінің Президент ретінде белсенді әрі нақты мақсатқа ұмтылған жастарға жағдай жасап, осы қиын өмірде өз орнын табуына көмектесуді көздейтінін айтқан болатын. Мемлекет басшысының осыған орай «… біз бизнес ашуға, мұқтаж балаларға тегін білім алуға жағдай жасап, дарынды жастарды іздеп, жас басқарушылардың кадрлық резервін жасақтап жатырмыз. Биліктің тізгінін соларға тапсырамыз» дегені қазірдің өзінде жұртшылықтың зор қуанышын тудырып жатқанына ел куә. Жиында аталмыш саяси, экономикалық және әлеуметтік топтардың әрқайсынынан екі адам сөз алды. Қозғалған мәселе, айтылған ұсыныстардың қай-қайсы да
өзекті еді. Жалпы оларды осы отырысқа алып шығып, Мемлекет басшысының назарына ұсыну қоғамдық пікірді, мамандар сараптамаларын, ғылыми тұжырымдарды жан-жақты зерделеу, талқылау нәтижесінде жүзеге асыпты. Бұл айтылғанның шындықтан алыс еместігін отырыста айтылған әңгімелер мазмұны да аңғартты. Мәселен, алдымен сөз алған «Талап» қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рақым Ошақбаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры табысының мардымсыздығы салымшылардың сенімін жойып отырғанын мәлімдеген еді. Шынында да қамсыз қарттығы үшін тірнектеп жиып жатқан қаржысының тағдырына бүгінде алаңдамайтын жан жоққа тән. Ошақбаев мырза мұның нақты себебін атап көрсетті. Оның айтуынша, міндетті зейнетақы жинақтаушы қордың биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы нақты табысы небәрі 0,09 пайыз болыпты. Соған қарамастан «БЖЗҚ» АҚ жұмыс істеген бір жылдың ішінде зейнетақы активтерін басқармаса да 45 миллиард теңге комиссия алған. Ал, әкімшілік шығындарға деп жыл бойына 20 млрд теңге ұстапты. Бұл еліміздің бүкіл қаржы жүйесін басқаратын Қаржы министрлігінің әкімшілік шығындар құрамынан үш есеге көп. Демек, Есеп комитетінің бақылауынан тыс қалған БЖЗҚ ойына келгенін істеуде. Осыны айтқан Ошақбаев мырза қоғам тарапынан айтылып жүрген бұл қорлардағы барлық ақшаны бір әлеуметтік сақтандыру қорына біріктіру туралы ұсынысты қолдайтындарын білдірді. Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Ұлттық экономика министрлігімен бірігіп жұмыс тобын құру қажеттігін, мұның жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.
Зейнетақы жүйесіне қатысты қоғам белсендісі, блогер Жәнібек Қожық та көптің көкейіндегі ер азаматтардың зейнет жасын 60-қа, әйелдердікін 55 жасқа төмендету жайлы тілегін жеткізген еді. өзі айтқандай, «Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін барлығымыз жұмыла әрекет етіп», барлық жерде мемлекеттік тілді міндеттейтін Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауымыз керектігін мәлімдеді. Сонымен қатар Ата Заңда Мемлекеттік тіл мәртебесін жеке дара иеленуі үшін 7- баптың 2- тармағын алып тастайтын уақыт жеткенін айтып, Мемлекет басшысы батасын берсе «Ақ жол» партиясы Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын жасауға дайын екендігін жеткізді. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік деңгейде дамуы үшін және тиісті заңдардың орындалуын қадағалау мақсатында тікелей Президентке қарайтын Тіл агенттігі құрылуы қажеттігі жөнінде ұсыныс қосты. Өзге де пікірлер көп айтылды. Олардың бәрі қоғамдық өміріміздің сан саласының өзекті мәселелеріне бағытталды. Мәселен, Мұхтар Тайжан «жер шетелдіктерге жалға да берілмей, өзіміздің қазақтарға жекеменшікке де ұсынылмаса» деген ойын ортаға салса, адвокат Айман Омарова «елде көбейіп кеткен зорлау оқиғаларымен айналысатын арнайы департамент құру қажеттігін» алға тартты. Белгілі құқық қорғаушы сонымен қатар журналистер тағдырына да араша сұрап, олардың жиі жазалануына негіз болатын Отыз жылғы ұстанған саясатқа бүгінде сын айтушылар аз емес. Саяси реформа жасап, жүйені модернизацияламай жағдайды түзеу мүмкін еместігі айқын сезілуде. Жиында айтылған жүйелі сөз, сындарлы ұсыныстың ауқымды тобы саяси үдерістерді демократизациялау, заңнаманы ұлт мүддесіне сай ырықтандырып, либерализациялау, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардағы теңсіздікті жою, қоғам тынысын ашып, халық пен билік арасын жақындату жайын қамтыды. Бұл жөнінде баяндаған саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, осы мақсаттарға жету үшін талай рет түзеліп, күзелген «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы», «Саяси партиялар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» «Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның депутаттары туралы» заңдарын қоғам талабы, уақыт ағымы тұрғысынан қайта жазу қажет. Сонымен қатар «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «Сот реформасы және пенитенциарлық жүйелерді реформалау туралы» арнайы тұжырымдамалар бірінші кезекте қабылданғаны жөн. Жиында өз жерінде өгей баланың күйін кешкен мемлекеттік тіл – қазақ тілінің жайы да көтерілді. Қоғам қайраткері Қазыбек Иса Мемлекет басшысының Қылмыстық кодекстегі «жала жабу» бабын алып тастайтын мезгіл жеткенін мәлімдеді.
Танымал саясаттанушы Саясат Нұрбек жоғарғы білім беру ісінің уақыт талабына, еңбек нарығының сұранысына сай еместігін, олардан шығып жатқан мамандардың практикалық білімдер мен дағдылардан ада екендігіне назар аудартты. Білім мен нарықты бірге қарау жөнінде дәйектемелерді алға тартып, нақты ұсыныстар қосты. Мемлекет басшысы әрбір айтылған пікірді, ұсынысты мұқият тыңдап, кейбірін түртіп алып отырды. Жалпы бұл отырыс елдегі қалыптасқан мәселелерді жинақтап, сараптап, жүйелеп жеткізіп, нақты шешімін айқындаудың тиімді әдісі, зор мүмкіндігі болғандай. Әрине, айтылмай қалған мәселелер аз емес еді. Жұртшылық әсіресе, қоғам тарапынан өз көзқарастары үшін жазықты болып, түрмеге қамалды деп саналатын тұтқындарға қатысты әңгіменің айтылмауына қынжылыс білдірді. Десе де, Ұлттық сенім кеңесінің бұл отырысы белгілі деңгейде билік пен қоғамның арасында диалогтың орнап, халықтың мемлекетке деген сенімінің оянуына айрықша ықпал етті деп айтуға болады. Алдағы уақытта онда көтерілетін мәселенің ауқымы бұдан кең, байыпты, сындарлы болатынына сенім зор.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»

Комментарий