Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Пара бермекші болған: университет ректоры күдікті деп танылды

ҚР жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыруға оң шешім шығару үшін 5 мың доллар көлемінде пара бермекші болған деп айып тақты.

Сонымен қатар, бұрын хабарлағандай, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының пара алу дерегіне қатысты да тергеу амалдары жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты қорытынды үкім мен олардың кінәсінің дәрежесіне байланысты шешімді сот шығарады.

Комментарий