Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Үкіметтен көмек алу үшін не істеу керек?

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитеті жалпы 1,4 миллион адамның амнистияға ілінетінін атап өтті.

114 мың 849 жеке тұлғаның 688 миллион теңге көлеміндегі өсімпұлы кешірілді, деп хабарлады қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

“2019 жылдың 5 қыркүйегінде мәліметке сәйкес, 114 мың 849 жеке тұлғаның 688 миллион көлеміндегі өсімпұлы кешірілген. Олар 2,9 миллиард теңге болатын негізгі қарызын өтеді”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитеті жалпы 1,4 миллион адамның амнистияға ілінетінін атап өтті.

“Егер олар 13,9 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қарызын өтеген жағдайда 6,3 миллиард теңге көлеміндегі өсімпұлы кешіріледі”, – деп түсіндірді комитеттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің өңірдегі барлық департаменті 2019 жылдың 13-14 тамызында өсімпұлдарды кешіру туралы жарлық шығарған.

Қазақстандықтар қарызы бар-жоқтығын мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.kz сайты (“Салықтық қарыздың бар-жоқтығы жөніндегі мәлімет”/”Сведения о наличии/отсутствии налоговой задолженности”)  тарауынан біле алады. Ол үшін салық төлеуші ЖСН (ИИН) енгізуі керек.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Комментарий (1)

  1. Ержан Беганов

    Әссәләмуалейкум Менде кредит бар төлей алмай жүрген каз жұмыс жоқ

Комментарий