Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Белгілі тележүргізуші 30 жыл отасқан әйелімен ажырасты

Ерлі-зайыпты шілде айында ажырасуға арыз жазыпты.

Ресейлік тележүргізуші әрі кинопродюсер Михаил Ширвиндт 30 жыл отасқан әйелі Татьяна Морозовамен ажырасты, деп жазады РИА Новости.

Ерлі-зайыпты шілде айында ажырасуға арыз жазыпты.

Іс жабық режимде қаралып, 5 қыркүйекте некені бұзу туралы шешім шыққан. Бір қызығы, ерлі-зайыптының екеуі де сот тыңдауына келмепті.

Сөйтсе, Ширвиндт пен бұрынғы әйелі сот ісіне араласқысы келмейтінін жеткізіп, ажырасу мәселесін өздерінсіз шешуді өтінген көрінеді.

Еске сала кетсек, Михаил Ширвиндт «Дог-шоу «Я и моя собака» және «Хочу знать» бағдарламаларын ұзақ жылдар бойы жүргізген. Қазір оның саяхат пен ас пісіру туралы YouTubе арнасы бар. Ширвиндттің роликтерін 80 мың қолданушы тамашалайды.

 

Комментарий