Андрей Малахов ресейлік “Привет, Андрей!” шоуының қонағы болған Димаш Құдайбергеновтен кешірім сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бағдарламаның YouТube арнасында айтылды.
Бағдарлама жүргізушісі қазақстандық әншіні “жаңа секс-символ өкілі” деп айтқаны үшін кешірім сұраған. “Менің Instagram парақшам “жарылып кетті”. Маған “Қалай сіз оны олай атадыңыз, ол – ұлттық мақтанышымыз, қайдағы секс-символ? Ол сіздерде, Ресейде солай…” деді.
Сені (солай айтқаныма) кешірім сұраймын”, – деді тележүргізуші. Бағдарлама барысында Димаш Қазақстанда Славян базары байқауының арқасында, ал әлемдік деңгейде I’m singer жобасының арқасында танымалдығы артқанын айтқан. Жеке өмірі туралы сұраққа жауап бермейтінін мәлімдеген.
Комментарий