Әлемде | В мире

Малайзияның бұрынғы патшасы «Мәскеу аруына» үйленгеніне өкінетінін жеткізді

Малайзияның бұрынғы патшасы V Мұхаммед «Мәскеу аруы-2015» Оксана Воеводинамен шаңырақ көтергені үшін өкінетінін жеткізді.

Бұл туралы V Мұхаммед New Straits газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Малайзияның бұрынғы патшасы жеке өміріне қатысты қабылдаған шешімі халықты алаңдатып, әлеуметтік желілердегі дауға алып келгеніне өкінетінін айтты. Сонымен қатар ол желіде өзінің жеке суреттері мен өміріне қатысты «бұрыс мәліметтер» пайда болғанына разы емес.

«Келантан сарайы Малайзия тұрғындарын әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады. Тек сарайдың және Ұлы мәртебелі V Мұхаммед сұлтанның адвокаттарының ресми мәлімдемелері нақты ақпарат ретінде қарастырыла алады.Және осы ақпараттар ғана БАҚ-та жарияланатын дереккөз  бола алады», — делінеді ресми мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың қарашасында Малайзияның жоғарғы билеушісі Мұхаммед V 2015 жылы «Мәскеу аруы» сұлулығының жеңімпазы Оксана Воеводинамен үйленгені туралы хабарланған еді. Қаңтарда ол қызметінен бас тартып, Сұлтан Келантан атағын ғана сақтап қалды.

Биылғы жылдың мамыр айында Воеводина мен V Мұхаммедтің ұлы дүниеге келді. 17 шілдеде «Мәскеу аруы» ажырасқаны туралы белгілі болды.

Алайда ажырасқанын жасыруға тырысқан Воеводина жеке өміріне қатысты жақ ашпаған еді. Ол соңғы уақытта ғана жеке өміріне қатысты мәліметтерімен бөлісе бастады. Бұған дейін ол Малайзияның экс-патшасының ұлын өмірге әкелгеннен кейін күйзеліске ұшырағанын айтқан.

Артынша Воеводина бұрынғы күйеуіне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады

Комментарий