Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Жолдау ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді – ұстаз

Солтүстік Қазақстан облысы, «BAQ.KZ» тілшісі. Президент Жолдауы ел өміріндегі елеулі жаңалықтардың бірі. Себебі стратегиялық құжат – еліміздегі жағымды жаңалықтардың жаршысы іспетті.

 Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Данияр Уәлиев Жолдау төңірегіндегі ойларымен бөліскен еді.

«Жолдау көптеген өзекті мәселелерге арналды. Соның ішінде білім беру саласы да назардан тыс қалған жоқ. Жыл сайын салаға құйылатын қаражат көлемі ұлғайып, жаңа білім ордалары салынуда. Солтүстік Қазақстан облысында да мектепке дейінгі мекемелер
мен мектептер ашылып жатыр. Солардың бірі ретінде биылғы оқу жылының басында «Береке» ықшам ауданында есігін айқара ашқан 25-ші орта мектепті атап өтуге болады. 600 балаға шақталған нысан заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Жас өркен» ауданында да дәл осындай білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. 130 мектепті күрделі жөндеуге 5 млрд теңгеге бөлінді. Бүгінгі күні педагогтар қауымының алдында Қазақстандағы білім беру сапасын арттыру жолында зор міндет тұр. Бұл орайда алғашқы қадамдар жасалды. Мектептегі білім берудің ортақ стандарты енгізілуде. Аталған әдістемені әлемнің үздік мамандары жасап шығарды. Ол ойлау қабілетін дамыту, функционалдық сауаттылық пен баланың әлеуетін ашуға бағытталған. Жаңа оқу жылында 4,9,10 сынып оқушылары білім берудіңжаңаланған мазмұнына көшті. 10 сынып оқушылары болашақ мамандықтарын таңдауға жәрдемдесуге бағытталған бағдарлама бойынша оқытылады. Осы жаңашылдықты жүзеге асыру мақсатында 50-ден астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарын оқыды.Біз, қазақстандық білім беру саласында қол жеткізген табыстарымызды сақтап қана қоймай, заман табабымен бірге адымдауға міндеттіміз. Сонда ғана егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұсайтын білімді ұрпақ тәрбелей аламыз. Президентіміздің “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты биылғыЖолдауы да осы міндеттерді жүктейді», – деді Данияр Серікұлы.

Эльмира КӘЛЕНОВА
Фото: автордан

Комментарий