Әлемде | В миреЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Анасы 12 жасар ұлын өлтірді: СІМ мәлімдеме жасады

Кипрде өзінің 12 жасар ұлын өлтірген әйел Қазақстан азаматшасы емес. Бүгін ҚР сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

«Кипр билігінің ақпараты бойынша, аталған әйел Қазақстан азаматшасы болып табылмайды. Ол – Ресей азаматшасы», – дейді Смадияров.

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Кипрде әйелдің 12 жасар ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған еді. Оның күйеуі баланың денесін тауып алыпты. БАҚ-та әйелдің Қазақстан азаматшасы екені және психикалық ауруға шалдыққаны жазылған.

Комментарий