Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қазақстанда аптасына 4 күн ғана жұмыс істеуіміз мүмкін бе?

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Қазақстандағы аптасына 4 күн ғана жұмыс кестесі мәселесіне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мұндай жұмыс кестесі біздің елге келмейді. Өйткені бізге экономикамызды дамыту керек. Басқасын қайдам, бізге қазір жұмыс күші жетпей тұр. Сондықтан алдымен жұмыс күшін нығайтуымыз керек», – деді Бердібек Сапарбаев Ұлттық кеңес отырысында.

Мамандар аз күндік жұмыс кестесі жүйке жүйесі аурулары мен семіздіктің санын арттыруы мүмкін деп есептейді.

Ресейлік терапевт-дәрігер Елена Тихомирова болса, артық демалыс адамды еріншектікке әкеп соқтыруы мүмкін екенін айтады.

Комментарий