Судья мінбері | Судебная система

Жолдау жүктеген жаңа міндеттер

Еліміздің таяу жылдардағы даму бағыттарын тайға таңба басқандай белгілеп берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрам қызметкерлеріне насихатталды. Жиын барысында Президенттің Жолдауында айтылған ой-тұжырымдар халықтың көкейінде жүрген мәселелермен ұштасып, үйлесім тапқаны сөз болды.

Жолдауда көрсетілген ең маңызды міндеттердің бірі қоғам мүшелерінің ішкі істер органдарының қызметкерлеріне деген сенімін күшейту. Яғни, қ арапайым халықтың қорғаушысына айналып, тұрғындар үшін ашық, қолжетімді болған жағдайда ғана сақшылар сенімге ие болмақ. Басқосуға қатысушылар Президент Жолдауының осындай ерекшелігіне екпін түсіре сөйледі.

Жиын барысында сондай-ақ Президентіміздің Жолдауындағы халықпен тиімді кері байланысты күшейту, азаматтардың өтініштерін және шағымдарын сапалы қарау, әлі күнге дейін түрлі ауыр қылмыстардың орын алуына нақты шаралар көрілуін бірінші кезекке қойып, нәтижелі жұмыстар атқару керектігін айтқан қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда аянбай еңбек етіп, жұртшылыққа сапалы қызмет көрсетіп антына адал болуға шақырды. Жиын соңында аталған департаментке қарасты мекеме басшыларына тиянақты тапсырмалар беріліп, Мемлекет басшысының жүйелі Жолдауын жеке құрамдарға жеткізіп, толықтай іске асыру үшін жұдырықтай жұмылу керектігін айтты. Өз кезегінде, Жолдауды зор ықыласпен тыңдаған сақшылар артылған сенімді ақтап, берілген тапсырмаларды дер кезінде іске асыруға уағдаласып, өз ойларын ортаға салды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Комментарий