Алматыдағы барахолка базарында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, базардағы бір қабатты қойма өртке оранған. Онда метал-пластик бұйымдар сақталады екен. Өрттің сол маңда орналасқан қоймаларға жайылу қатері бар.
«Өрт Солтүстік айналым 78/1 мекенжайында шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, «Мизам» базарының аумағындағы контейнер өртеніп жатыр. Күштер мен құралдар жіберілді. Оқиға орнында жек құрамның 43 қызметкері мен 12 техника жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар автопойыз жіберілді. Қосымша суарып жуатын көлік жөнелтілді», – делінеді хабарламада.
ТЖД-ның анықталған мәліметі бойынша, базар аумағында жеке қойма өртенуде.
Басқа да | О другом
Атырауда жұқпалы инфекцияның салдарынан 14 нәресте көз жұмған: Тексерістің жаға ұстатарлық нәтижелер...
«Жақсы адамды кім қуады?!»: қордайлық ақсақал Бердібек Сапарбаевқа бар шындықты айтты (ВИДЕО)
«Жасасын, Астана!»: елорданың әнұраны байқауына түскен жүзден астам шығарма «түкке тұрғысыз» болды
С БЛАГОДАРНОСТЬЮ И ПООЩРЕНИЕМ
Комментарий