Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қатерлі дертке шалдыққан қазақстандық журналист қыз көз жұмды

Елордалық журналист Мадина Нұрбекова қайтыс болды. Оның артында кішкентай қызы қалды.

Өзін аяғанды жек көретін: Қатерлі дертке шалдыққан қазақстандық журналист қыз көз жұмды

Мәдина Нұрбекова қатерлі дертпен ұзақ жылдар бойы күресіп, емделіп келді.  Қайғылы хабарды оның әріптестері хабарлады. Жерлеу рәсімі 6 қыркүйек күні өтеді.

Мәдина Нұрбекова ақпараттық порталдардың бірінде корреспондент болып жұмыс істеді. Аты жаман аурумен 2014 жылдан бері күресті. Оның басынан жұмыртқа тәрізді ісік тапты. Қыз радиациялық терапияның 24 курсынан, бес химиятерапиядан және операциядан кейінгі ауыр қалпына келтіру кезеінен өтті.

Осы уақыт ішінде онымен сүйіктісі Қайрат Жүнелбаев бірге болды. Ер адам Мадинаны өмірінің ең қиын сәттерінде тастамады. 2016 жылы ерлі-зайыптылар үйленді. 2017 жылы отбасында қыз бала дүниеге келді.

Комментарий