Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Ержан Максим Игорь Крутойдың академиясында оқитын болды

Ресейдің астанасында Ержан бес жыл тұруды жоспарлап отыр.

Жас қазақ әншісі Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшетін болды, деп хабарлайды “Мой город” порталы.

Ресейдің астанасында Ержан бес жыл тұруды жоспарлап отыр.

“Ержан Игорь Крутойдың музыка академиясында оқитын болады. Ол жақта пәтер жалдап тұрамыз”, – деп атап өтті Ержанның анасы Гүлмира Әлібек.

Оның айтуынша, қазір 12 жасар Ержан Максим Балалар Евровидениесіне дайындалып жатыр.

Еске сала кетсек, талантты жасөспірім Ресейдің “Голос.Дети” шоуына қатысқаннан кейін Игорь Крутойдың академиясында оқуға шақырту алған болатын. Димаш Құдайбергенмен бірге жұмыс істейтін танымал композиторды Ержан Максиммен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов таныстырған.

Комментарий