Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Динара Сәтжан «Хабар» агенттігінің бас продюсері болады

Танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан «Агентство «Хабар» АҚ бас продюсері болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мен Ерлан Бекхожиннің осы лауазымға қабылдау ұсынысына келістім. Ресми тағайындау күні бұйрыққа қол қойылғаннан кейін белгілі болады», — деді Сәтжан.

Динара Сәтжан — қазақстандық журналист, тележүргізуші, fashion-продюсер, қазақстандық мультибренд дүкендер желісінің иесі, сондай-ақ Dinara Satzhan Fashion Group брендінің иесі әрі блогер.

«Хабар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі болып кеңінен танымал болды. «Қазақстан аруы-2008» байқауының жеңімпазы, «Статус QUO» және «Sky Студия» бағдарламасының авторы және жүргізушісі.

2017 жылы «Қазақстан» ТРК Басқарма төрағасының кеңесшісі ретінде Qazaqstan Ұлттық телеарнасының ребрендингімен айналысты.

2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қоғамдық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Астанадағы Kazakhstan Fashion Week жобасының серіктесі болып табылады. «#Динара Сәтжанмен Немишлен» жобасының авторы және жүргізушісі.

Комментарий