Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Шымкентте үш жасар баланы пойыз қағып кетті

Алынған жарақаттардың салдарынан бүлдіршін қөз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап, хабарлайды. Қайғылы оқиға 3 қыркүйекте Шымкент және Қызылсай станциясының арасында орын алды.

Кешкі сағат 19.39-да темір жолдар арқылы техникалық өту кезінде пойыз үш жасар баланы қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Үйдегілер өз жұмыстарымен айналысып жатқанда бүлдіршін далаға шығып кеткен. Қайғыдан қан жұтқан ана екінші баласына екіқабат, қазір ауруханада жатыр.

“Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 344-ші бабы (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша іс қозғалды”, — дейді Шымкент станциясындағы тергеу бөлімінің тергеушісі Ердәулет Садықов.

Бұл баб бойынша екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сонымен қатар, айыпталушы лауазымды қызметтерді атқара алмайды.

Комментарий