Қоғам | Общество

Дубайдың мейрамханасында мас қазақстандықтар төбелес шығарды

Нәтижесінде қазақстандықтарға қомақты көлемде айыппұл салыныпты.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мейрамханалардың бірінде қазақстандық туристер төбелес шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның БАӘ мен Дубайдағы бас елшілігіне сілтеме жасап.

Бас елшілік мәліметіне сәйкес, қазақстандық азаматтар мейрамханалардың бірінде ішімдік ішіп отырып төбелесіп қалған. Салдарынан мейрамхана қызметкерлері полиция шақырыпты. Полицейлер оқиғаға қатысты төбелес және алкогольді сусын ішу деректері бойынша екі хаттама толтырған.

«Артынша тараптар татуласқандықтан, бірінші іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Алайда екінші іске қатысты материалдар сотқа жіберілді», – делінеді хабарламада.

Нәтижесінде қазақстандықтарға қомақты көлемде айыппұл салыныпты.

Бас елшілік қазақстандық туристерді заңды сақтауға шақырып, БАӘ заңы бойынша ішімдік ішуге тыйым салынғанын ескеруге кеңес берді.

Комментарий