Димаш Құдайбергеннің ресейлік сазгер Игорь Крутоймен серіктестігіне қатысты пікір білдіріп, сын айтқан отандық режиссер Нұртас Адамбайға әншінің әкесі Қанат Айтбаев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетсек, бұған дейін Нұртас Адамбай әнші Димаш Құдайбергеннің уақытын босқа шығындап жатқанын айтып, Игорь Крутоймен серіктестігін сынға алған еді. Ол бұл серіктестіктен Димаштан гөрі, ресейлік сазгердің көбірек ұтатынын атап өтті. Сонымен қатар әншіге бар назарын штатқа қарай бағыттауға кеңес берді.
Қазақстандық режиссердің аталған жазбасы желі қолданушыларының қызу талқысына түскен еді. Тіпті, бүгінде әлемге танылып үлгерген әншінің әкесі Қанат Айтбаев та жазбаға назар аударған. Алайда ол Адамбайға қысқа ғана жауап қайырды.
«Негізі біз сізден ақыл-кеңес сұрамадық. Өз ісіңізбен айналысыңыз. Біздің өз жоспарымыз бар. Рахмет», – деп жазды Қанат Айтбаев пікірде.
Басқа да | О другом
«Ол дақ ешқайда кетпейді»: Мырзахан Маханов «жүрегінің тілінгенін» айтты
«Шынымен «Айдың нұры ма, әлде, ел тонаған ұры ма?» – Арман Сқабылұлы
"10 миллион адамның бірімін". Әнші Айқын Төлепберген коронавирус жұқтырды
"Ешкімді сөйлеткен жоқпын": Белгілі жазушы қызының тойын қалай тілексіз өткізгенін айтып берді
Комментарий