Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматы облысындағы балабақшада терезенің ернеуіне шығып алған бүлдіршін видеоға түсіп қалды (видео)

Қапшағайдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршін терезенің ернеуіне шығып алған. Тәрбиеші оны құтқарып қалды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіinAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2 қыркүйекте орын алған. Бүлдіршін балабақшаның жатын бөлмесіндегі терезені ашып, ернеуіне шығып алған. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алыпты.

Балабақша меңгерушісінің сөзінше, бүлдіршіннің ата-анасына болған жағдай туралы бірден хабарланған. Баланың анасы оның өте белсенді екекенін айтыпты.

Ендігі балабақшаның терезелеріне арнайы қоршау орнатылатын болады.

Комментарий