Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Алматы облысының шекарасын өзгерту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.
Осылайша, Алматы облысындағы жалпы аумағы 1 091,78 гектарды құрайтын жер Жамбыл облысына беріледі.
«Алматы облысының Жамбыл ауданы жерлерінің жалпы ауданы 1091,78 гектар бөлігін Жамбыл облысы Қордай ауданының шекарасына қосу жолымен Алматы және Жамбыл облыстарының шекаралары өзгертілсін», – делінеді «Әділет» нормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта.
Осылайша, Қазақстанның қорғаныс министрлігінің аудандық гвардиялық экспулатация бөлімі, «Биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты» тәрізді бірқатар нысаны, сонымен қатар Алматинский бұрынғы әскери кеңшары Жамбыл облысының еншісіне өтеді.
Комментарий