Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоСаясат | Политика

“Сіздер жауапты боласыздар”: Асқар Мамин министрлер мен ескерту жасады

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында министрлер президенттің Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін жеке жауапкершілікте болады деп мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы үкіметке жолдауында ел экономикасын одан әрі дамытуға және азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды міндеттер жүктеді. Жалпы, президент жолдауының барлық бағыттары бойынша жалпыұлттық жоспар дайындалады. Мен барлық мемлекеттік органдарға мемлекет басшысының 5 қыркүйекке дейінгі тапсырмаларын орындау жөніндегі жалпыұлттық жоспар бойынша өз ұсыныстарын экономика министрлігінде, ал 7 қыркүйекте Ұлттық экономика министрлігіне қарар жобасын үкіметке жіберуді тапсырамын», – деді Асқар Мамин.

Келесі отырыста ұлттық жоспардың жобасы мемлекет басшысының бекітуіне ұсынылады.

«Барлық бірінші басшылар – сідер президенттің тапсырмаларын орындау үшін жеке жауаптысыздар. Әр бұйрық үшін қатаң бақылау орнатылып, оны орындау мерзімдері нақты белгіленуі керек. Біз алға қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша келісілген жұмысты қамтамасыз етуіміз керек », – деп түйіндеді үкімет басшысы.

Комментарий