Қоғам | Общество

Госпиталіміз көмек көрсетуге дайын!

Елімізде, атап айтқанда, Алматы қаласында Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталдің бар екендігін көпшілігі біле бермейді. Бұл мекеме 1943 жылдан бастап, соғыстан жараланып қайтқан жауынгерлерге хирургиялық ем жасап, оңалту жұмыстарын жүргізуді бастаған екен. Мұнда атақты хирург, профессор А.Н.Сызғанов қызмет еткен. 1960 жылы Хирургия институты екіге бөлініп, ол хирургиялық, ал бұл госпиталь болып қалды. Сонымен хирургиялық ем көрсетіп бастаған госпиталь кейіннен терапиялық ем көрсете бастаған. 
Өкінішке орай деп айтайық, соғыс ардагерлерінің саны күннен -күнге азайып барады. Жылына 40 шақты ардагер келіп, жатып ем қабылдауда. Ол кісілердің алды 90-нан асты. Сондай-ақ, бүгінгі күні Чернобыль, Ауған соғысының ардагерлері және Семей полигонының зардабын шеккендер, барлығы 750 мыңдай адам емге мәжбүр. Біз мүмкіндігінше жан-жақты көмектесіп, емдеу шараларын жасап жатырмыз.
“Алдағы күнге жоспарымыз да көп. 2010 жылы жер сілкінісінен кейін тау жақтағы ғимаратымыз жарамсыз боп, қаңырап қалған еді. Бұйыртса, осы жылдың аяғына дейін барлық тексерістен өтсе, алдағы жылдан құрылысы басталады деген ойдамыз. Құрылысқа да қаражат қарастырылуда. Жарты жылда құрылыс аяқталса, 210 адамдық төсек орын қалпына келтіріледі деп отырмыз. Болашақта науқастарды зерттеуге ангиограф бөлімін ашып, заманауи технолоГоспиталімізгиямен қамту қарастырылуда. Госпиталіміздің екінші бағыты- оңалту болып табылады. Осы жылы нейрореабилитациялық бөлімше ашамыз деген жоспарымыз бар. Мамандар жеткілікті. ҚР Денсаулық министрлігі де қолдау көрсетіп отыр. Егер білікті дәрігер мамандардан кеңес алып, емделемін десеңіздер, сіздер үшін госпитальдің есігі ашық”,- дейді, госпитальдің директоры, м.ғ.д, профессор Дамир Абайділдаұлы.

Комментарий