Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматыда 3 үй өртке оранды

Өрт толықтай сағат 09:22 сөндірілді. Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыған.

Алматыда тұрғын үй алабында үш үй өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне 08:44 Алмалы ауданы,Үмбетбаева – Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 8 минутта оқиға орынына жетті. Бір-біріне жақын орналасқан жеке тұрғын үйлердің шатыры отқа оранған. Қабылданған шаралар Қабанбай батыр көшесіндегі 243-үйді өрттен қорғауға мүмкіндік берді. Қалған үш үйдің шатыры ішінәра зақымданды», – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт толықтай сағат 09:22 сөндірілді. Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Комментарий