Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

Тоқаев: Мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартамыз

Елімізде 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер  мен ұлттық компания жұмысшыларының санын 25 пайызға қысқарту керек. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осылай деп мәлімдеді.

«2020 жылдан бастап ақырындап мемлекеттік қызметшілердің санын қысқартуға кірісеміз. Ал үнемделген қаржыны анағұрлым пайдалы жұмысшыларды материалдық тұрғыда ынталандыруға бағыттаймыз. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания жұмысшыларының санын 25 пайызға, яғни төрттен біріне қысқарту керек», – дейді Тоқаев.

Сонымен қатар президент мерейтойлар барысында ысырапқа жол бермеу керек екенін айтты.

Комментарий