Әнші Сиви Махмуди өз көлігінің тізгінінде отырып жол апатына ұшырады. Бұл туралы куәгерлер хабарлады. Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан үш көлік зардап шеккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Жол апатының куәгерлері оқиға орнында түсірілген фото, видеомен бөлісті. Олардың айтуынша, апатқа ұшыраған Porsche көлігінің тізгінінде танымал әнші Сиви Махмуди болған.
Басылым мәліметінше, куәгерлер әншінің екі қолы сынып, басы жарақаттанғанын айтқан.
Видео кадрларынан зақымдалған екі көлікті көруге болады. Алайда, куәгерлердің сөзінше, апат кезінде үш көлік соқтығысқан.
Stan.kz редакциясы ақпаратты растау үшін Алматы қалалық полиция департаментіне хабарласуда.
Басқа да | О другом
«Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылады»: адам өлтірген қылмыскер мерзімінен бұрын босатылған
«Жанжалмен әрең аламыз»: Қызылордада аналар 21 мың теңге жәрдемақы үшін дау шығарды
Тоқаев Қырғыз Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Шымкентте клизма жасалған судың температурасы шамамен 60 градус болған
Комментарий