Әлемде | В миреЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

12 адам қаза тапты: 3 қабатты ғимарат опырылып қалды

Оқыс оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті БАҚ деректеріне қарағанда, әлі салынып бітпеген жоғары қабат қирап, салдарынан бүкіл ғимарат опырыла құлаған.

Мали астанасы Бамакода жексенбі күні үш қабатты ғимарат опырыла құлап, кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды France Presse елдің қауіпсіздік және халықты қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

26 адамды қирандылар астынан тірідей алып шыққан.

Оқыс оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз.  Жергілікті БАҚ деректеріне қарағанда, әлі салынып бітпеген жоғары қабат қирап, салдарынан бүкіл ғимарат опырыла құлаған.

Қауіпсіздік және халықты қорған министрлігі мен қала құрылысшылары оқиға орнына барды.

Агенттік Малиде рұқсатсыз және құрылыс ережесі сақталмай салынған ғимараттардың жиі қирайтындығын атап өткен.

Комментарий