Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігіҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2 қыркүйек күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Түнде және тәңертең жекелеген аумақтарды тұман басады.
Солтүстік-батыстан 18 м/с екпінде жел соғады. 2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі.
Батыстан 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. 2 қыркүйек күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ болжанады.
Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 1-3 қыркүйек күндері Батыс Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында үсік жүретінін хабарлаған болатын.
Басқа да | О другом
Митингіге қатысушыларға шетелден нұсқау беріліп отырды - ІІМ
АЙДОС САДУАҚАСОВ, Жоғарғы Соттың баспасөз хатшысы:«Азаматтардың алғысы – судьялар үшін ең үлкен мара...
"Жұмыстары өте сапасыз": 600 миллионға салынған асфальт бір айға да шыдамады
Дархан Әбдік: «Рушылдықтың ошағы – ауыл емес, қаладағы интеллигенция»
Комментарий