Аймақ | РегионЕлең еткізер | Актуально

Ақтөбеде балабақшада үш жасар қыз бас жарақатын алды

Ақтөбеде “Әсел” балабақшасында үш жасар қыз екі қабатты төсектен құлап түсті. Дәрігердің қарауынан кейін сәби бірден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі “Диапазон” сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 19 тамызда болған. Алайда, қыз әлі күнге дейін дәрігерлердің қарауында жатыр.

Анасының айтуынша, сол күні күйеуі балабақшадан қызын ерте алып кетуге барған. Ол қызының ұйықтамай, төсекте отырғанын көреді. Сәбиді қолына алғанда, ол айғайлап жылай бастаған.

“Қызымды көргенде-ақ, оған бірнәрсенің болғанын сездім. Сөйтіп бірден балабақшаға жүгіріп бардым. Тәрбиеші өзінің тобы болмағандықтан ештеңе білмейтінін айтты. Балабақша жетекшісінен сұрағанымда ол қызымның басын ұрмады, тек аяғы аурды деді. Бірақ басқа балалар оның дәретханаға барарда төсектен құлап түскенін айтты”, – дейді анасы.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері қыздың бас-ми шайқалғанын және сүйектің сынуы байқалғанын айтқан. Олардың сөзінше, қыздың жолы болып қайта аман қалған. Тексеруден кейін бірден ауруханаға жатқызған.
Артынша, балабақша жетекшісі мен тәрбиеші қыздың төсектен құлағанын мойындаған. Бірақ ол уақытта балалардың жанында ешкім болмапты.

Анасының айтуынша, балабақшаның жетекшісі шындықты айтпағаны үшін кешірім сұрап, бір айлық жалақысын беретінін жеткізіпті. Бірақ ақша қызымның денсаулығын қайтармайды дейді ана.

Комментарий