Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

«Әкесі ұят болады деген»: Алматы облысы МАИ қызметкері 18 жастағы қызды ұрлап, 2 ай зорлаған

Алматы облыстық МАИ қызметкері 18 жастағы қызды ұрлап, әбден зорлаған. Бұл туралы әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«18 жасар қызды Алматы облыстық МАИ-де жұмыс істейтін хайуан ұрлайды. Әкесі ғана бар екен. Сорлы шыз қанша жылап, көнбесе де әкесі «ұят болады» дер тастап кетеді. Той болмайды. Құдалықта пиджак кигізіп шығарып салады.

Содан кейін тегін үй қызметшісі, зордау, ұру. 2 айдан «Мен қыз болмадым» деген қолхат жазғызып алып, қызды қуып шығады», – деген ол танымал әншілерді қазақтың қызын қорғауға шақырды.

Комментарий