Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Бүгін мектептерде алғашқы қоңырау соғылады

Бүгін 1 қыркүйек еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау!  Оқушыларды ұстаздары қарсы алып, салтанатты жиын өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білім министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан мектептеріндегі алғашқы қоңырау жексенбі күні 1 қыркүйекте соғылады. Алғашқы қоңыраудан кейін сабақ болмайды. Оқу дүйсенбі 2 қыркүйектен бастап өткізіледі.

Биыл  елімізде алғаш рет 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды.

2019-2020 оқу жылында елімізде 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерде  3 млн-нан астам  оқушы оқуын жалғастырады.

Комментарий