Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоҚұқық | Право

Айдаладағы қыз үшін: Оралда ер адам жас жігітті көлікпен сүйреп өлтірді

Оралда полиция 21 жастағы Игорь Серебряковтың қалай көз жұмғанын анықтап жатыр. Оны көлік бірнеше ондаған метр жерге дейін сүйреп өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның жақындары оқиғаның түнгі сағат 3 кезінде «Виктория» қонақүйінің маңында болғанын айтады. Бұл жерде екі компания арасында кикілжің туындаған.

Марқұмның туысы Андрей Серебряков ер адамдардың бірінің Игорьды KIA Rio көлігімен бірнеше метрге дейін сүйреп өткенін айтады.

 «Ол жерде екі компания демалып жатқан. Игорь бар компанияда жастар, ал екіншісінде жасы үлкендер болған. Кикілжің қасынан өтіп бара жатқан қыз үшін туындаған. Жас жігіттер оған қылмыңдай бастаған, ал үлкендер оны қорғамақ болған. Осыдан кейін олар төбелесе жөнелген. Ер адамдар кейін қашып кетпек болады. Алайда марқұм олардың бірінің көлігінің үстіне секірген», – дейді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Дәл қазір оқиғаға қатысы барлар анықталды. ҚР ҚК 345-бапқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Комментарий