12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке құрамды психологиялық тұрғыдан қолдау іс-шарасы ұйымдастырылды

ҚАЖ қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін адал атқаруға психологиялық әзірлігі болмаса, жұмыс барысында толымды нәтижелер күту қиын. Сондықтан Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД – ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат тобы жеке құрамның моральдық-психологиялық жағынан мықты болуын қамтамасыз ету мақсатында әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады.

Жуырда жұмысқа  қабылданған жас мамандарды қызметтік жаңа жағдайларға кәсіби тұрғыдан және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне көмек көрсету үшін Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Гүлжайна Ғабитқызы арнайы шақыртылды.

Іс-шара барысында алдымен «Сәлемдесу» тренингі өтті. Мақсаты: Жеке басын таныстырып, бойындағы жағымды қасиетін айтуға үйрету.

Бұл ойында олар өз-өздеріне деген сенімділігін арттырып, тұлғалық қасиеттерін дамытты.

Одан соң « Құбыр» « Жемістер» жинау ойындарын ойнап шықты.Қызметкерлер барлық ойындарға белсене қатысып, эмоционалдық тұрғыдан сергіп қалды. Жеке құрам қызметкерлері арнайы контингентпен тікелей жұмыс жасайды.

Ал мекеме қамауындағылардың арасында түрлі қылмыс жасаған әртүрлі мінез-құлықтағы азаматтар бар. Олардың дерлігі темір торға түскен соң, психологиялық күйзелісті бастан кешкендіктен, агресссивті мінез- құлықта болады.

Міне, қамаудағы осындай жандармен жұмыс жасау үшін қызметкерлердің өзі эмоционалдық тұрғыдан мықты болулары қажет. Сондықтан бүгін мекемеге білікті маман шақыртылып, ұжымның моральдық-психологиялық жағымды хал-ахуалын қолдау және қызмет бабына кері әсер тигізетін факторларды жою бойынша тренинг өтті.

Мұнан бөлек, қызметкерлердің қызмет атқару барысындағы психикалық күйін мойындау немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін және жүйке жүйесінің тұрақтылығын, шыдамдылығын анықтап, оларды жеке-жеке қабылдап, кеңес беру жұмыстарын жүргізді- деді, кадр саясат тобының аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетов

Судебный кабинет

Судебный кабинет – это единое окно для доступа к электронным...

Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін...

TALQYLAU: Цифрландыру мен жасанды интеллект – елдің басты басымдықтары

Қазақстан цифрландыру саласында айтарлықтай жетістікке жетті. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің...

Кассациялық сот туралы

Елімізде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап апелляциялық және қайта...

Новый «Патруль», «Заманback» и «Qazaq alemi»: Кинопоиск собрал казахстанские хиты кинопроката

Казахстанское кино стало по-настоящему массовым феноменом, и теперь лучшие...