12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

№60 түзеу мекемесінде екі сотталған зейнетке шықты

Қызылорда қаласы ҚАЖД №60 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматтар зейнеткерлікке шығуына орай, куәліктерін табыстау үшін, тәрбие жұмыстары жөніндегі мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ускенбаев Алтынбек және заңгер Ардақ Кеңшілікқызының ұйымдастырылуымен іс-шара өтті.

Жаза мерзімін өтеуші сотталғандар жасына байланысты зейнетақыны рәсімдеу бойынша көмек туралы өтініштерімен заң тобына қабылдауға жиі жүгінеді.
Бұл жағдайда құжаттарды рәсімдеуімен мекемеміздің заңгері Ардақ Кеңшілікқызы айналысады. Түрлі қылмысы үшін түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан, әрбір тұлға заң жүзінде тиісті құжаттарын алуға міндетті. Зейнетке шығу адамның өміріндегі елеулі сәттің бірі болғандықтан, мекеме қызметкерлерінің де мақсаты сотталған азаматтарға тиісті куәлігін салтанатты түрде табыстап, қуаныш сыйлау.
Бүгінгі шарада сотталғандарға зейнетке шығуына байланысты рәсімделген куәлікті мекеменің заңгері Ардақ Кеңшілікқызы өз қолымен табыстап, арнайы құттықтау лебізін білдірді.
Тағдырлары сан-қилы темірордағы жандар да еліміздің толыққанды азаматтары. Зейнеке шығу-өмірдің кезекті жаңа бастамасы. Сондықтан жазасын өтеуші азаматтар да осындай атаулы күнді сезініп, көңілдеріне жылулық сыйлауды жөн көрдік деді тәрбие жұмыстары жөніндегі мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ускенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы.

К устойчивой энергетике будущего

В условиях глобального перехода и возрастающих требований к экологической...

Новый формат правового воспитания

В СТОЛИЧНОЙ ШКОЛЕ ОТКРЫТ ПРАВОВОЙ КАБИНЕТ «ƏДІЛЕТ АЛАҢЫ», ГДЕ...

Традиции против пороков 

ЧЛЕНЫ СОВЕТА МАТЕРЕЙ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА Г. АСТАНЫ ОБСУДИЛИ...

Туберкулездің алдын алу

Туберкулездің алдын алудың ең жақсы және сенімді әдісі туберкулезбен...

ДАУДЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕУ РӘСІМІ

Ертеде қазақ халқы «бас жарылса – бөрік ішінде, қол...