12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандағы алғашқы крематорий қашан іске қосылады?

Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий жақын арада жұмысын бастайды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 9 қаңтарда Әділет министрлігінде Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы тіркелген. Құжатта жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына өзгерістер енгізу көзделген. Қабылданған түзетулер крематорийлердің қызметіне құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстан аумағында кремация рәсімін алғаш рет заңнамалық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

«Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматыдағы крематорий жұмысын бастап, санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен қызмет көрсетеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазір Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының байқау кеңесі арқылы кремация қызметтерінің бағалар тізбесін бекіту рәсімі жалғасып жатыр.

Тарифтер мен қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Алматы қалалық патологоанатомиялық бюросының ресми сайтында жарияланатын болады.

Еске салайық, 2025 жылғы қыркүйекте Алматының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы алдағы алты-жеті жылда қаладағы зираттарда марқұмдарды жерлеуге орын қалмайтынын мәлімдеген еді. Олардың дерегінше, 2025 жылғы жағдай бойынша Алматыда 70 зират бар, соның 61-і жабылған. Жаңа зираттарға арналған жер телімдері бекітіліп жатыр, алайда олар Алматы облысының аумағында орналасады.

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

Ұлттық құрылтайдың V отырысы ертең, яғни 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді.

«Жасанды интеллект туралы» жаңа заң күшіне енді

Қабылданған заң елде жасанды интеллектіні қолданудың құқықтық негізін қалыптастырып, саладағы мемлекеттік саясаттың басты қағидаты - адам, оның құқықтары, бостандықтары мен әл-ауқатының басымдығы туралы ережелерді бекітеді.

Жаркентте кішкентай баласын аяусыз ұрып-соққан ана қамалды

Жаркент қаласындағы WhatsApp топтарында таралған бейнежазба фактісі бойынша Панфилов аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізді. Тексеру барысында 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған 3-4 жастағы баласына дене жарақатын салғаны анықталды.

Еш жерде жұмыс істемеген адам қандай зейнетақы алады?

Қазақстанда зейнетақы жүйесі заңмен айқындалып, азаматтардың еңбек өтілі мен жинақтарына қарай есептеледі. Жұмыс істемеген адам да кейбір жағдайларда зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Зейнетақы төлемдері 5 пайызға артты

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) төленетін зейнетақы төлемдерін 5 пайызға көбейтті.