12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жемқорлықтың жолын кесу басты мақсат

Біздің мемлекетіміз басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Көптеген заңдар қабылданып, жемқорлықтың жолын кесетін шаралар жасалуда. Осы орайда айта кетер жайт, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші бо­лып «Сыбайлас жемқор­лықпен кү­рес туралы» Заң қабылдаған болатын. Соны­мен қатар, елімізде 2006-2010 жыл­дарға арналған Сыбайлас жем­қор­лықпен күрес мемлекеттік бағ­дар­ламасы жүзеге асты.

Онымен тоқтап қалмай жыл сайын кешенді түрде жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында заңнамалар жетілдіріле берді. Яғни жемқорлықпен күрес ешқашан елімізде толастаған емес. Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже де бар. «Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің керін қайталайтын боламыз», — деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен әділет органдары да жолдауда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті санайды.

Бүгінде елімізде мем­лекеттік қызметшілердің жауапкер­ші­­лігі қатаңдатылып отыр. Егер мемлекеттік органдарда істейтін кез келген тұлға сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық қыл­мысы бойынша қызметінен боса­тыл­ған болса, ол өмір бойы мем­лекеттік қызметке қабыл­данбайды, яғни тыйым салынған. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлықтан бойын аулақ ұстауы үшін қабылданып отырған бір шара. Жалпы мемлекеттік қызметкердің әрекетіне қарай халықтың билікке деген көзқарасы қалыптасатынын ескерсек, олардың жемқорлықтан аулақ болуының маңызы зор!

Өкінішке орай, көптеген адамдар сыбайлас жемқорлық – бұл екі жақтың қарым-қатынасы және одан басқа ештеңе жоқ деп санайды. «Біреу береді, біреу пара алады. Біздің бұған ешқандай қатысымыз жоқ» деген пікір кең етек жайған. Бірақ бұл процесс бүкіл қоғамға әсер етеді және әрқайсымызға нақты қауіп төндіреді. Сондықтан жемқорлықпен күресте әр адамның қарсылығы маңызды. Алға басқан қадамды кейін тартып, дамуға тежеу болатын сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

А. Т. Байдаулетова, Алматы қаласы Медеу ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...