12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Зейнетақы жинақтарын жөндеу жұмыстарына алуға бола ма?

«Отбасы банк» өкілдері қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін пәтер жөндеуге ала ала ма деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Отбасы банктің» өңірлік даму директоры Рахиля Балтабаева ережеде зейнетақы жинақтарын жөндеу жұмыстарына алу қарастырылмағанын айтты.

«Өкінішке қарай, ережеде жөндеу жұмыстары қарастырылмаған. Сіз бір шарт шеңберінде тұрғын үй сатып алып, жөндеу жүргізген болсаңыз, жөндеу жұмыстарын жасай аласыз. Жеке жөндеу үшін рұқсат етілмейді», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға арналған өтінімдер қабылдайтын сайт 23 қаңтарда іске қосылатыны хабарланды. «Отбасы банк» өкілдері өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ болуы қажет екенін ескертеді.

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Биыл 2 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді.

В Кызылорде состоялось расширенное заседание Политического совета партии «Ауыл»

6 февраля 2026 года в городе Кызылорда под председательством...

Қызылордада «Ауыл» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда...

«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2026 жылдың 6 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық...