12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркияда әскери тікұшақ құлады. Қаза тапқандар бар

Түркия шығысында әскери тікұшақ апатынан 11 сарбаз, оның ішінде бір генерал қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды. Бұл ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі растады, — деп хабарлайды Анадолу.

Қаза тапқандардың бірі — түрік құрлық әскері 8-корпусының командирі генерал Осман Эрбаш.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16.55-те Бингельден Татванға ұшқан «Кугар» типті тікұшақпен байланыс жарты сағаттан кейін үзілді. Іздеуге ұшқышсыз ұшатын аппарат, CN-235 ұшағы және тікұшақ жіберілген. Нәтижесінде тікұшақ құлағаны анықталды. Оның құлаған жерінде тоғыз мәйіт және жарақат алған төрт адам табылды. Кейін қаза болғандар саны 11-ге артты.

Түркия президенті әкімшілігінің хабарына қарағанда, қорғаныс министрі Хулуси Акар президент Тайып Ердоғанға осы оқиғаны жеткізген. Акар Түркияның штаб бастығы және құрлықтағы әскер қолбасшысымен бірге оқиға орнына барды.

Тікұшақ апатының мән-жайын тергеу басталды. Әскери ақпарат көздеріне сәйкес, апатқа техникалық ақаулар және ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін.

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...