12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Пробациялық бақылау» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қарақия аудандық пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында 2022 жылы мамыр айының 28-31 күндері аралығында аудан көлемінде «Пробациялық бақылау» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында пробация қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларымен бірге есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерді. Олардың әрқайсысымен профилактикалық бағытта әңгіме-сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар, жазасын өтеу кезінде жаза өтеу шарттары мен тәртібін бұзбауға, қайта қылмыс жасамауға, сотпен жүктелген міндеттерді орындауға, белгіленген бақылау тәртібін бұзбауға, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар жасамауға шақырды. Инспекторлар пробация қызметіне ескертпей, тұрғылықты мекен-жайы аумағынан алыс жерлерге кетуге болмайтынын айтып, бақылаудан жалтарғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны және қойылған талаптарды орындамаған жағдайда сот тағайындаған жазаны ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жіберілетіні туралы түсіндірілді.

Тексеру барысында түнгі мезгілде тұрғылықты мекен-жайында болмаған «Б» есімді тұлға анықталды. Тәртіп бұзушы бөлімшеге шақыртылып, жазбаша түсініктемесі алынды. Оған сот тағайындаған жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жіберілетіні туралы ескерту жарияланды.

Жазасын өтеу кезінде бірнеше рет жаза өтеу шарттары мен тәртібін қаскөйлікпен бұзғаны үшін «М» есімді тұлғаға қатысты бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы аудандық сотқа ұсыныс жолданды. Егер де ұсыныс сотпен қанағаттандырылса, жаза өтеу мерзімінің қалған бөлігін ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

«Ауыл»партиясы оценила конституционную реформу как исторический шаг, определяющий вектор развития страны

Сегодня в столице состоялось расширенное заседание Политического совета «Ауыл»...

Елнур Бейсенбаев: новая Конституция – это свидетельство зрелости Казахстана

Уже с первой статьи становится очевидной концептуальность положений Новой...

Елнұр Бейсенбаев: Жаңа Конституция – Қазақстанның дамуының айғағы

Жаңа Конституцияның алғашқы баптарынан-ақ оның тұжырымдамалық сипаты айқын көрінеді....

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын  тарихи қадам деп бағалады

Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті....